Сирия атазаң комитетінің үшінші тур кездесулері басталды

Комитет Сирия оппозициясы, режим және азаматтық ұйым өкілдерінен құралуда.

1478168
Сирия атазаң комитетінің үшінші тур кездесулері басталды

Сирия атазаң комитетінің үшінші тур кездесулері Біріккен Ұлттар Ұйымы Сирия арнайы өкілі Геир Педерсонның басшылығында Швейцарияның Женева қаласында басталды. 

Комитет Сирия оппозициясы, режим және азаматтық ұйым өкілдерінен құралуда. 

Арнайы өкіл Педерсон басты мақсаттың тараптар арасында сенім орнату екенін және бұның уақыт алатынын түсіндірген еді. 

Үшінші тур кездесуінен ешкімнің үлкен жаңалық күтпеуі керектігін білдірген Педерсон халықаралық ұйымға да қолдау жасау жайлы үндеу тастады. 

Комитеттің өткен жылы қараша айында өткізілген екінші тур кездесулері Башар Асад режимі өкілдерінің келіспеушілік тұғыры салдарынан бір нәтижеге бармай-ақ аяқталған еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар