Ливанда Әділет министрі Неджм де отставкаға кетеді

Ливанда Әділет министрі Мари-Клод Неджм де Бейрут портындағы жойқын жарылыстан кейін отставкаға кету өтінішін берді.

1470293
Ливанда Әділет министрі Неджм де отставкаға кетеді

Ливанда Әділет министрі Мари-Клод Неджм де Бейрут портындағы жойқын жарылыстан кейін отставкаға кету өтінішін берді. 

Министр Неджм Бейрут портында болған жойқын жарыластан кейін бүгін өткізілетін Министрлер кеңесі жиналысы алдында отставкаға кететінін жариялады. 

Бейрут портындағы жарылыс және астанада ұйымдастырылған ереуілдерге орай осындай шешім жасағанын айтқан Неджи кеше отставкаға кеткен Ақпарат министрі Менал Абдуссамед және Қоршаған орта министрі Дамианос Каттардан кейін премьер-министр Хассан Диябқа отставка өтінішін берген үшінші министр болды. 

Бейрут портында 4 тамыз күні жарылғыш материалдар қойылған 12 номерлі қоймада аладымен өрт шықты, артынан бүкіл қаланы шайқаған ауыр жарылыс болды. Жарылыста кемінде 158 адам қаза тапқаны, мөлшермен 6 мың адам жараланғаны жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар