Татар Кипр понти әкімшілігі жайлы мәлімдеме жасады

Эрсин Татар Шығыс Жерорта теңізінде бір бейбітшілік және ынтымақтастықтың тек Кипр түріктері мен Түркияның аймақтағы құқықтарын қабылдауымен ғана болатынын айтты.

1447558
Татар Кипр понти әкімшілігі жайлы мәлімдеме жасады

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы премьер-министрі Эрсин Татар Шығыс Жерорта теңізінде бір бейбітшілік және ынтымақтастықтың тек Кипр түріктері мен Түркияның аймақтағы құқықтарын қабылдауымен ғана болатынын айтты. 

Түрік Кипр агенттігі "TAK"-тың хабарына қарағанда Татар жасаған жазбаша мәлімдемесінде Кипр понти лидері Никос Анастасиадистің бір Грекия теледидарына берген сұхбатына тоқталды. 

Анастасиадистің аймақта болған оқиғаларды дұрыс түсіндірмегенін білдірген премьер-министр Татар "Понти лидері өкінішке орай Еуропа Одағын қолдана отырып, Түркия мен Кипр түрік халқының Шығыс Жерорта теңізіндегі құқықтарын аяқ асты етуді қиялдауда. Кипр түрік тарапымен ынтымақтастық жасағысы келмеуде" деген сөздер қолданды. 

Эрсин Татар Шығыс Жерорта теңізінде бір бейбітшілік және ынтымақтастықтың тек Кипр түріктері мен Түркияның аймақтағы құқықтарын қабылдауымен ғана болатынын айтты. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар