Өлім-жітім әлем көлемінде 467 мың 461-ден асты

Жазылып кеткендер саны 4 миллион 765 мың болды.

1440005
Өлім-жітім әлем көлемінде 467 мың 461-ден асты

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 467 мың 461-ден асты. Расталған оқиға саны 8 миллион 954 мың, жазылып кеткендер саны 4 миллион 765 мың болды.

Ең көп адам қайтыс болған АҚШ-та қайтыс болғандар саны 122 мың 3-ке жетті. Оқиға саны болса 2 миллион 331 мың 550.

Өлім-жітім 42 мың 589-ға жеткен Ұлыбританияда вирус жұқтыру оқиғасы 300 мыңға жақындады. 

Италияда Covid-19 салдарынан соңғы 24 сағатта қайтыс болғандар 49-ға көбейіп, өлім-жітім 34 мың 610 болды. 331 жаңа оқиға тіркелген елде науқас саны 262-ге азайып, 21 мың 212-ге төмен шегерілді.

Францияда  24 сағатта эпидемия салдарынан 28 адам қайтыс болды. Өлім-жітім 29 мың 633-ден асқан елде соңғы 24 сағатта 467-ге көбейген оқиға саны 196 мың 46 болды.

Испанияда Денсаулық сақтау министрлігі Covid-19 cалдарынан соңғы 1 аптада қайтыс болғандар санын 36 деп жариялады. Қайтыс болғандардың жалпы саны 28 мың 322, жаңа оқиға саны 134-ке көбейіп, 245 мың 938-ге жетті.

Португалияда Сovid-19 салдарынан соңғы 24 сағатта қаза тапқан 1 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны мың 527-ге, оқиға саны 377-ге көбейіп, 38 мың 464-ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар