113 жасында вирусты жеңді

Испанияда қарттар үйінде тұратын 113 жасар әже коронавирусты жеңіп шықты.

1415509
113 жасында вирусты жеңді

Испанияда қарттар үйінде тұратын 113 жасар әже коронавирусты жеңіп шықты.

Жергілікті баспасөз елдің солтүстік шығысында бір қарттар үйінде тұратын Мария Браниастың бірнеше аптадан бері коронавируспен күресіп, сауығып шыққанын жазды. Браниас бала кезінде әлемдегі ең ауқымды індеттердің бірі ретінде белгілі,  1918-1920 жылдары болған испан тұмауын де жеңген екен.

4 наурыз күні 113 жасқа толған, 20 жылдан бері қарттар үйінде өмір сүретін Браниас Испания баспасөзіне: «Кейбір шағын проблемаларым бар.  Бірақ бұлар баршада болатын нәрселер. Маған көмектескен медициналық топқа алғыс айтамын. Қызметкерлер менімен жақсы айналысты, сыпайы болды» деді.

"Gerontology Research Group"  атты қауымдастық Браниастың әлемде коронавирустан сауығып шыққан жасы ең үлкен кісі екенін жазды.



Ұқсас жаңалықтар