Иран бұрынғы елшісі вирустан қайтыс болды

Иранның Ватикандағы бұрынғы өкілетті елшісі Қажы Хүсреушахи жаңа типті коронавирус (Сovid-19)  себепті қайтыс болды.

1367826
Иран бұрынғы елшісі вирустан қайтыс болды

Иранның танымал діни қайраткерлерінен және Иранның Ватикандағы бұрынғы өкілетті елшісі Хужжетулислам Қажы Хүсреушахи жаңа типті коронавирус (Сovid-19)  себепті қайтыс болды.

Иран ресми хабар агенттігі Тесним-нің хабарына қарағанда Иранның Ватикандағы бұрынғы өкілетті елшісі Хужжетулислам Қажы Хүсреушахи (81 жаста) жаңа типті коронавирус (Сovid-19) күдігімен астана Тегерандағы Месих Данишвер емханасында емделіп жатқан. 

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) анализі позитив болған Хүсреушахи 81 жасында емханада қайтыс болды.

Тебризде 1939 жылы дүниеге келген Хүсреушахи 1979  жылғы төңкерістен кейін Ислами Иршад және Мәдениет министрлігінде екі жыл Төңкеріс лидері Али Аятолла Хомейнидің өкілі болған.

Хүсреушахи бір мезгіл Иранның Каир өкілдігінің төрағасы және Иранның Ватикандағы өкілетті елшісі міндетін атқарды. 



Ұқсас жаңалықтар