Газада АҚШ жоспарына қарсы акция

Шеруге қатысқан жүздеген палестиналық азамат «бейбітшілік жоспарына» қарсы ұран тастады.

1353555
Газада АҚШ жоспарына қарсы акция

Газада Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп «Ғасырдың келісімі» деп атаған «бейбітшілік жоспарына» қарсы акциялар жалғасуда.

Газа секторының оңтүстігіндегі Рефах қаласындағы шеруге қатысқан жүздеген палестиналық азамат «бейбітшілік жоспарына» қарсы ұран тастады.  

Шерушілер Трамп пен Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың суреттерін өртеді. Хамас басшыларының бірі Мансур Берик осында сөйлеген сөзінде аталмыш жоспар мен Палестина проблемасын елемейтін барлық жобаларға қарсы екендерін айтты.

Берик Палестина жерінде Израильдің ешбір заңдылығы жоқтығын білдірді.

Палестиналықтар Американың жоспарына қарсы Батыс Шерияның барлық өңірлерінде шеруге шығуда.



Ұқсас жаңалықтар