Иран: "Украина ұшағын қателікпен құлаттық"

Иран 176 адам қаза тапқан Украина ұшағының адам қателігімен құлатылғанын мойындады.

1339012
Иран: "Украина ұшағын қателікпен құлаттық"

Иран 176 адам қаза тапқан Украина ұшағының адам қателігімен құлатылғанын мойындады.

Иран Бас штаб басқармасы ұшақтың «маңызды бір әскери аймақ» үстінен ұшқан кезде адам қателігі салдарынан әуе қорғаныс жүйесі тарапынан құлатылғанын білдірді.

Мәлімдемеде АҚШ базаларына жасалған зымыран шабулының артынан АҚШ соғыс ұшақтарының Иран әуе кеңістігіндегі ұшуларын арттырғаны және елдің стратегиялық орындарына шабуыл жасалатыны жайлы мағлұматтың қорғаныс бөлімшелеріне жеткізілгені, бұл себепті көптеген әуе көлігінің радарда көріне бастағаны және елдің әуе қорғаныс жүйесінің бұл себепті өте нәзік бір күйге айналдырылғанын атап көрсетті.

Бас штаб басқармасы қаза тапқан жанұялардан кешірім сұраған мәлімдемеде «Украина әуе жолдарына тиесілі 752 нөмірлі үшақты бұл нәзік және маңызды шарттарда Имам Хумени әуежайынан көтерілді. Ұшақ оралған Ислам революциясы сақшыларына тиесілі бір орталыққа жақындады. Аталмыш бұл шарттарда адам қателігімен нысанаға алынды» делінлді.



Ұқсас жаңалықтар