Иран АҚШ-тан өш алу ниетінде

Ираки: "Төңкеріс Сарбаздары армиясы жақында дұшпанынан (АҚШ) қатаң бір өш алады".

1337849
Иран АҚШ-тан өш алу ниетінде

Иран Бас Штаб басқармасы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Абдуллах Ираки  Иракта Айн әл-Есадтағы АҚШ базасына жасалған зымыран шабуылына меңзеп, жақында АҚШ-тан қатаң бір өш алатындарын айтты.

Исфаханның Эрдистан ауданында сөйлеген Ираки:

"Төңкеріс Сарбаздары армиясы лидер Али Хаменеидің жауынгерлерінің бір тобы және жақында дұшпанынан (АҚШ) қатаң бір өш алады" деді.

Хаменеидің әскери ақылшысы Яхия Рахим Сафеви Тебриздегі Ашура Төңкеріс Сарбаздары базасындағы сөзінде генерал Сүлейманиге жасалған шабуыл АҚШ пен Израиль әскери хабар алу ұйымдарының ынтымақтастығымен іске асқанын және қате есеп жасағандарын білдірді.

Төңкеріс Сарбаздары Сүлеймани өлтірілгеннен 5 күннен кейін кеше Айн әл-Есадтағы АҚШ әскери базасына ұйымдастырылған шабуылда АҚШ-тың 80 әскері өлгенін пайымдады, ал АҚШ президенті Дональд Трамп шабуылда өлген және жараланған болмағанын жариялады.  



Ұқсас жаңалықтар