Террор ұйымының әйел басшысы залалсыздандырылды

"PAJK"-тың координаторы Эсме Эрат және 'Зилан Кобани' лақапты шофері залалсыздандырылды.

1336993
Террор ұйымының әйел басшысы залалсыздандырылды

Террор ұйымы PKK-ның ең жоғарғы әйелдер құрылымы «PAJK»-тың басшысы «Delal Nurhak» лақапты Эсме Эрат және шофері залалсыздандырылды.

Өткен жылы қыркүйек айының ортасында Ирактағы Кандил тауында Ұлттық барлау ұйымы мен Түрік Қарулы күштері ортақ операция жасаған еді.

Операцияда PKK-ның ең жоғарғы әйелдер құрылымы «PAJK» координаторы және екінші басшысы «Delal Nurhak» лақапты Эсме Эрат және «Зилан Кобани» лақапты шофері залалсыздандырылды.

Террорист Эсме Эраттың 1965 жылғы екені, PKK террор ұйымына 1989 жылы Диярбакыр ауылдық аймағында қосылғаны анықталды.

1993 жылы Германиядан Сирияға өтіп, террор ұйымы басшысы Абдуллах Өджаланның саяси және әскери жаттықтыруынан өткен Эсме Эрат сол кезде PKK әйел қозғалысы құрушы кадрында орын алды.

2014-2015 жылы «PAJK» координациясының басшысы болып тағайындалған террористің 2018 жылы «PAJK» Махмур-Кандил координациясы жауапкері екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар