АҚШ Сириядағы мұнай резервтерін қорғауға дайындалуда

Пентагон Сириядағы мұнай резервтерін ДАИШ пен Иранға қарсы қорғауға дайындалуда.

1294480
АҚШ Сириядағы мұнай резервтерін қорғауға дайындалуда

АҚШ-та республикашыл Сенатор Линсдей Грахам Қорғаныс министрлігінің (Пентагон) Сириядағы мұнай резервтерін қорғауға дайындалғанын атап көрсетті.

Ақ Үйде АҚШ Бас Штаб басқармасы төрағасы генерал Майк Миллеймен өткізілген брифингке қатысқан 10 сенатордың бірі Линсдей Грахам брифингін артынан журналисттерге мәлімдеме жасады.

Грахам Сириядағы мұнай резервтерін қорғау керектігіне назар аударып, «Бас штаб басқармасы төрағасы Миллей Сирияның белгілі аймақтарындағы мұнайды ДАИШ немесе Иран бақылауға алмасын деп жоспар жасаудамыз» деді.

Грахам жоспармен байланысты егжей-тегжейлі ақпарат бөліспеді.

АҚШ медиасында орын алған хабарларға қарағанда аталмыш мұнай алаңдарынқорғау үшін 30 «Abrams» танкіден тұратын сауытты бір бригаданың жіберілетінін алға тартты.

Аталмыш жоспар жүзеге асқан жағдайда, аймақта Ресей мен Сирия режиміне қарсы АҚШ-тың шабуыл күші артатын болады.

Тақырыппен байланысты Пентагон жасаған мәлімдемеде болса Қорғаныс министрі Марк Эспердің ДАИШ-пен күресінің Сирияда жалғасы тақырыбында президент Дональд Трампқа қажетті тақырыптарда ұсыныстар жасайтыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар