Ресейдің Иракқа қолдауы жалғасады

Лавров Иракта байланыс жүргізді.

1284119
Ресейдің Иракқа қолдауы жалғасады

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров елінің терроризммен күресте Иракқа деген қолдауының жалғасатынын айтты.

Ирактың бас қаласы Бағдаттағы байланыстарынан кейін Эрбиль қаласына барған Лавров Ирак Күрд аймақтық әкімшілігі басшысы Нечирван Барзанимен бас қосты.

Барзанидің кеңсесінен жасалған хабарламаға қарағанда,  кездесуде соңғы оқиғалар мен екі жақты байланыстар қолға алынды.

Ресей Сыртқы істер министрі Лавров елінің терроризммен күресте Иракқа деген қолдауын жалғастыратынын айтты.

Бағдат-Эрбиль мәселелерінің атазаң шеңберінде диалогпен шешілуі тақырыбындағы жетістікке қуанғанын білдірген орыс министр Ресейдің Ирак Күрд аймақтық әкімшілігіне қолдауының жалғасатынын атап көрсетті.  

Лавров байланыстары шеңберінде Ирак Күрд аймақтық әкімшілігінің премьер-министрі Месрур Барзанимен де кездесті.



Ұқсас жаңалықтар