Социалистік Интернационалдың жиналысы - Палестинада

Кеңес жиналысы 25 елден 100 партия өкілінің қатысуымен бірінші рет Палестина жерінде ұйымдастырылды.

1245164
Социалистік Интернационалдың жиналысы - Палестинада

Социалистік Интернационал жылдық  кеңес жиналысы 25 елден 100 партия өкілінің қатысуымен бірінші рет Палестина жерінде ұйымдастырылды.

Фатх Халықаралық қатынастар комиссары Рухи Феттух басқыншылық астындағы Батыс Шерияның Рамалла қаласында өткен жиында сөз сөйледі.  Ол социалистік интернационалдың түрлі елдердегі билікте немесе оппозициядағы социалистік партиялардың қатысуымен Палестинада жиналуын халықаралық қоғамның Палестина күресіне деген қолдауы деп пайымдады.

Америка Құрама Штаттарының Израильді жақтайтын ұстанымын айыптаған Феттух: «Осы жиналыстың ұйымдастырылуы – Америка Құрама Штаттары Израиль үшін жариялайтын «Ғасырдың келісімі» жобасына қарсы күрескен Палестина әкімшілігіне қолдау.  Айырықша бас қаласы Шығыс Иерусалим болған 1967 жылғы шекаралардағы тәуелсіз мемлекеттерін құруға тырысқан Палестина халқының құқығын растау» деді.



Ұқсас жаңалықтар