БҰҰ мен Еуропа Одағы Венесуэлада барлық тараптарды ұстамды болуға шақырды

Антониу Гутерреш Венесуэлада барлық тараптарды сабырлы болуға және күш қолданудан аулақ болуға шақырды.

1193272
БҰҰ мен Еуропа Одағы Венесуэлада барлық тараптарды ұстамды болуға шақырды

БҰҰ мен Еуропа Одағы Венесуэлада барлық тараптарды ұстамды болуға шақырды.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Венесуэлада барлық тараптарды сабырлы болуға және күш қолданудан аулақ болуға шақырды.

БҰҰ Бас хатшысының мәлімдемешісі Стефан Дужарик күнделікті баспасөз брифингінде Гутеррештің Венесуэладағы оқиғаларды уайыммен бақылап отырғанын білдірді. Дужарик БҰҰ-ның тараптармен байланыста екенін де атап көрсетті.

Еуропа Одағы Сыртқы байланыстар және қауіпсіздік саясаттары жоғары комиссары Федерика Могерини де 28 мүше ел атынан хабарлама жариялады.  «Венесуэладағы дағдарыстың жалғыз шешімі  саяси,  бейбіт және демократиялық жолмен табылады» деді ол.

Могерини «Еуропа Одағы барлық күш қолдану түрлеріне қарсы шығады және одан да көп шығын болмау үшін ұстанымды болуға шақырады» деді.



Ұқсас жаңалықтар