Владимир Путин мен Ким Чен Ын Владивостокта кездесті

Ресей президенті Путин С.Корея лидері Ким Чен Ынмен Корея түбегіндегі жағдайды қалай оңалтуға болатынын кеңескендерін айтты.

1190126
Владимир Путин мен Ким Чен Ын  Владивостокта кездесті

Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен Корея түбегіндегі жағдайды қалай оңалтуға болатынын кеңескендерін айтты.

Путин Киммен Владивосток қаласында Қиыр Шығыс федералдық университетінде оңаша кездесу өткізгеннен кейін сөз сөйледі.

Кездесуді "көлемді" деп бағаландырған Путин Киммен Ресей мен Оңтүстік Корея қарым-қатынастарының тарихи және екі жақтылы байланыстардың дамуы тақырыбының болашағын кеңескендерін білдірді.

Путин "Корея түбегіндегі жағдайды талқыладық. Жағдайды жақсарту үшін нелер жасалатыны жөнінде көзқарас алмастырдық" деді. 

Солтүстік Корея лидері Ким  Путинмен оңаша кездесуде күн тәртіптегі тақырыптар және екі елдің мүддесіне байланысты көп мазмұнды көзқарас алмастырғандарын білдірді.

Ким: "Кездесулердің пайдалы да жасампаз түрде бұдан кейін де жалғасуын тілеймін" деп көрсетті. 

Лидерлер баяндамасынан кейін екі лидердің төрағалығында делегациялар арасында кездесулер өткізілді.   



Ұқсас жаңалықтар