Ұлыбритания Ливияда атысты тоқтату үшін БҰҰ-на шешім жобасы ұсынды

Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Ливияда атысты тоқтату талабымен бір шешім жобасы ұсынды.

1184810
Ұлыбритания Ливияда атысты тоқтату үшін БҰҰ-на шешім жобасы ұсынды

Шешім жобасында Ливияның шығысындағы әскери күштердің басшысы генерал Хафтердің бас қала Триполиді бақылауға алу үшін бастаған шабуылының артынан басталған қарсы операцияның уайымдарды арттырғаны атап көрсетілді.

Ливияда барлық тараптардан дереу дағдарысты азайту және атысты тоқтату талап етілген жобамен ел көлемінде қақтығыстарды тоқтату үшін тараптар БҰҰ-мен жұмыстануға шақырылады.

БҰҰ бақылауында жүргізілген саяси кезеңге қайта оралу мақсатты БҰҰ шешімдеріне бағыныштылықты қамтамасыз ету үшін Ливияға ықпал ететін мүше елдерге де шақыру тасталды.

Триполиді бақылауға алу мақсатты 4 сәуір күні шабуылдаған генерал Халифа Хафтердің әскери күштері мен Ұлттық келіссөз үкіметі премьер-министрлік кеңесі басшысы Файиз эс-Серрадждың жасақтары арасында бас қала айналасында қарқынды қақтығыстар болуда.

Әлем денсаулық сақтау ұйымына қарағанда қақтығыстарда қазірге дейін 174 адам қаза тапты, 756 адам жарақат алды.



Ұқсас жаңалықтар