Ирандағы сел апатында 70 адам ажал құшты

Ирандағы сел апатында 70 адам ажал құшты,ел көлеміндегі зиян 500 миллион доллардан асты.

1178258
Ирандағы сел апатында 70 адам ажал құшты

Ирандағы сел апатында 70 адам ажал құшты.

Иранда неше күннен бері жалғасқан тоқтаусыз жауын салдарынан болған сел апатында 70 адам ажал құшты, ел көлеміндегі зиян 500 миллион доллардан асты.

Ирандық лауазым иелері тарапынан «бұрынғы соңды болмаған» деп атаған сел апатында көтерілген су тасқыны рекорд деңгейге ұласты.

1900 аудан, қалашық және ауыл су мен лайдың астында қалды. Мөлшермен 100 мың адам уақыттық шатарларға орналастырылды.

Иран төтенше жағдай орталығы наурыз айының соңғы күндерінде басталған тоқтаусыз жаңбырдың селге айналуымен осы таңға дейін 70 адамның қаза тапқанын, 791 адамның жарақат алғанын жариялады.

Мемлекетте гуманитарлық дағдарысқа айналған апатта ең үлкен шығын Парсы провинциясында болды.

Сел 16 провинцияда жиыны 731 мың гектарлық егіндік алаңға зиян тигізді.

Егін шаруашылық алаңдарындағы шығыны мөлшермен 360 миллион доллардан, ал мемлекет инфрақұрылым жүйесіне тигізген шығына да 150 миллион доллардан асты.

 



Ұқсас жаңалықтар