Террор ұйымы АҚШ-тан жәрдем алудың жолдарын қарастыруда

Бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK АҚШ-тан жәрдем алуды заңды көрсету үшін ДАИШ-пен күресті слтауратуда.

1147479
Террор ұйымы АҚШ-тан жәрдем алудың жолдарын қарастыруда

АҚШ қолдау берген YPG/PKK террор ұйымы алдынғы күні Сирияда Евфрат өзенінің шығысында ДАИШ-тің қолындағы соңғы тұрғын аймағын да бақылауға алған болатын.

Осылайша Сирияда ДАИШ-пен күресті сылтауратып, YPG/PKK ұйымына қолдау бергенін алға тартқан АҚШ-тың ұйымға қолдау беру сылтауы да жойылды.

YPG/PKK террор ұйымы кеше өздеріне жасалған АҚШ жәрдемдерін жалғастыруды қамтамасыз ету мақсатты Хасеке қаласында жиналыс өткізді.

Террор ұйымы жиналыста қазір басып кіргені аймақтарда ДАИШ-тің құпия орындарды жоюға шешім қабылдады.

Жиналыстың артынан жарияланған декларацияда Дейр-уз Зордың Багоз аймағында ДАИШ мүшелерінің барлығын эвакуациялаудың артынан коалиция қолдауымен ДАИШ-тің жасырын құрылымдарымен қоғамдық, идеологиялық және экономикалық болмысын жоюға бағытталған операциялар ұйымдастырылатыны жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар