АҚШ-тың енді YPG/PKK-ны қолдау сылтауы қалмады

YPG/PKK Евфрат өзенінің шығысындағы ДАИШ аймағының барлығын жаулап алды.

1146393
АҚШ-тың енді YPG/PKK-ны қолдау сылтауы қалмады

АҚШ-тың енді YPG/PKK-ны қолдау сылтауы қалмады.

YPG/PKK Евфрат өзенінің шығысындағы ДАИШ аймағының барлығын жаулап алды.

Америка Құрама Штаттарының қолдауындағы бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK Сирияда Евфрат өзенінің шығысында ДАИШ-тың қолындағы соңғы жерлерді де басып алды.

YPG/PKK АҚШ-тың қолдауымен Евфрат өзенінің шығысындағы ДАИШ аймағының барлығын жаулап алды. Осылайша АҚШ-тың YPG/PKK-ны қолдау сылтауы да аяқталған болды.

Жергілікті қайнар көздерден алынған мағлұматқа қарағанда , YPG/PKK  және АҚШ Сирия-Ирак шекарасындағы Дейр-эз-зор провинциясының Багоз қалашығында қалған соңғы ДАИШ тобымен түнгі уақыттарда келісімге барды. Келісім бойынша ДАИШ сарбаздары қару-жарақтарын тастап, болған жерінен шығып кетеді.

АҚШ-тың Сирияда қолдаушысы YPG/PKK жаулауы астындағы алаңда 18 базасы және 2 мың мөлшерінде қызметкері бар.


Этикеттер: #АҚШ , #террор , #ДАИШ , #Сирия

Ұқсас жаңалықтар