Трамп Ішкі істер министрлігі міндетіне Дэвид Бернхардтты ұсынды

АҚШ президенті Ішкі істер министрлігіне уәкілдік жасаған Дэвид Бернхардтты ұсынды.

1138763
Трамп Ішкі істер министрлігі міндетіне Дэвид Бернхардтты ұсынды

АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік медиа парақшасы арқылы жасаған мәлімдемеде «Дэвид міндетке келген күнінен бастап керемет жұмыс істеп келеді. Қазір министрлік міндетінің ресми түрде бекітілуін асыға күтеміз» деді.

49 жасар Бернхардт 2018 жылдың соңында отставкаға кеткен Ішкі істер бұрынғы министрі Рян Зинкедің орнына өкілеттік жасауға тағайындалған болатын.

Сенаттың бекітуі қажет болған Бернхардт 2006-2009 жылдары арасында Ішкі істер министрлігі Федеральдық Заң кеңесшісі ретінде қызмет атқарған болатын.

АҚШ-та Ішкі істер министрлігі Федералдық аймақтар мен табиғи ресурстардың үлкен бөлігін басқару және қорғауға жауапты бір министрлік ретінде үкіметте орын алады.



Ұқсас жаңалықтар