Бразилиядағы дамба жарылысында 65 адам көз жұмды

Бразилиядағы дамба жарылысында  қаза тапқандар саны 65-ке ұласты.

1134799
Бразилиядағы дамба жарылысында 65 адам көз жұмды

Бразилиядағы дамба жарылысында  қаза тапқандар саны 65-ке ұласты.

Дамба жарылысында 279 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Қазір  осы адамдардың іздеу және құтқару жұмыстары жалғасуда.

Брумадинхо қаласындағы кен бөгетінің жұма күні жарылуы салдарынан жоғалып кеткен  279  адамның ізделіп жатқаны білдірілді.

Қаза тапқандар ішіндегі 35 адамның куәлігі анықталды.

Іздеу және құтқару жұмыстарының жұмысшылардың түскі тамақ уақыты болған кезде балшыққа көмілген асхана маңында шоғырланғаны баяндалды.

Дамба жарылысы кесірінен Брумадинхо қаласында мөлшермен 3 мың алам басқа жерге апарылды.

Айта кетейік, Бразилияда мұндай қайғылы жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. 2015 жылы осы Минас-Жейрас штатында металлургия өнеркәсібінің қалдықтарынан жиналған су тосатын екі дамба жарылды. Ол кезде 600 адам тұрып жатқан аймақты су шайып кетті. Сол кездегі дамба жарылысында 19 адам көз жұмған еді.



Ұқсас жаңалықтар