Нигерияда 20 аймақ террор ұйымынан құтқарылды

Нигерияда Боко Харам террор ұйымымен күрес аясында соңғы 3 жылда ұйымның бақылауындағы 20 аймақ құтқарылды.

1122150
Нигерияда 20 аймақ террор ұйымынан құтқарылды

Борно уәлаяты губернаторы Кашим Шеттима жасаған мәлімдемеде уәлаяттағы Боко Харам шабуылдарының 2013-2014 жылдарында ең жоғары деңгейге ұласқанын және ұйымның уәлаяттағы 27 аймақты бақылауға алғанын еске салды.

Армияның табысты операциясымен 2015 жылдан бері ұйымның әлсіретілгенін атап көрсеткен Шеттима «Ұйымның бақылауындағы 20 аймақ құтқарылды» деді.

Шеттима аталмыш аймақтардағы халық үшін шамамен 30 мың тұрғын үй салынғанын білдірді.

Жүздеген ұйым мүшесінің берілгенін білдірген Шеттима ұйым тарапынан кепілдікке алынған жүздеген алдамның құтқарылғанын және берілген террористердің оңалту және қоғамға қосу бағдарламаларына алынғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар