Тунистегі ереуіл жалғасуда

24 желтоқсан күні басталған ереуілдер Тунистің тұрақтылығына қауіп төндіруде.

1114608
Тунистегі ереуіл жалғасуда

Тунистегі ереуіл жалғасуда.

Тунистің Кассерин қаласында басталып, көптеген қалаға таралған ереуілдерде 18 адам тұтқындалды.

24 желтоқсан күні басталған ереуілдер Тунистің тұрақтылығына қауіп төндіруде.

Еске сала кетейік, Тунисте журналист Абдеррака Зоргуи өзін өзі өртеп жіберген соң елде жаппай наразылық шарасы басталды. Көбісінің соңы тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Бұл жағдай тунистіктерге  2011 жылғы «араб көктемін» еске салды. Ол кезде жергілікті саудагер дәл осындай қадамға барған еді. Жергілікті тұрғындар қаншама жыл өтсе де, биліктегі жағдайдың өзгеріссіз қалғанына қапалы.


Этикеттер: #Тунис , #ереуіл , #тәртіп

Ұқсас жаңалықтар