ДАИШ Сириядағы соңғы қамалынан айрылып қалды

YPG/PKK террорлық ұйымы Сирия жерінің шамамен үштен бірін басып алып отыр.

1112739
ДАИШ Сириядағы соңғы қамалынан айрылып қалды

Террорлық ұйым ДАИШ Сириядағы соңғы қамалынан айрылып қалды.

Дейрузордағы жергілікті хабар көздерінен алынған мәліметтерге қарай, Евфрат өзенінің шығысындағы Дейрурзор ауданына қарасты Хеджинде YPG/PKK мен ДАИШ арасында қақтығыс болды.  Қақтығыс нәтижесінде ДАИШ террористтері ауданды тастап шықты.

Осылайша Евфрат өзенінің шығысындағы аудан орталығы YPG/PKK террорлық ұйымының басқыншылығына ұшырады және ДАИШ Дейрузорда соңғы қамалынан айрылып қалды.

Аудан орталығының билігі ауысқаннан кейін ДАИШ-тің Дейрузордағы болмысы Шиифе, Үстіңгі және Төменгі Богаз, Сусе, Албухатыр ауылдарымен шектеулі қалды.

Бөлшектеуші террорлық ұйым YPG/PKK Америка Құрама Штаттарының қолдауымен Евфрат өзенінің шығысында Дейрузордың шығыс, батыс және солтүстік жақтарын басып алған болатын.

Террор ұйымына Америка Құрама Штаттары әуеден, Франция құрлықтан көмек берді. Террорлық ұйым 11 қыркүйек күні ДАИШ-ті Деурззордан шығару үшін операция бастаған болатын.

Дейрузордың батыс жағында болса Башар Асад әкімшілігінің жасақтары билік құрып тұр.

YPG/PKK террорлық ұйымы Сирия жерінің шамамен үштен бірін басып алып отыр.



Ұқсас жаңалықтар