Сауд ханзада Мұхаммед ибн Селман Бахрейнде

Сауд Арабиясы ханзадасы БАӘ-дегі ресми сапарын аяқтап, екінші аялдамасы Бахрейнге өтті.

1094775
Сауд ханзада Мұхаммед ибн Селман Бахрейнде

Сауд Арабиясы ханзадасы Мұхаммед ибн Селман сауд журналист Джемал Кашыкчы (Хшогги) қастандығының артынан алғашқы шетел сапарын Біріккен Араб Әмірлігіне, екіншісін болса Бахрейнге ұйымдастырды.

Сауд Арабиясының ресми хабар агенттігі SPA-ның хабарына қарағанда бас қала Манамаға барған сауд ханзада Бахрейн королі Хамед ибн Иса тарапынан қарсы алынды.

Сауд ханзада Мұхаммед ибн Селман бейсенбі күні Біріккен Араб Әмірлігінде ресми байланыстар жүргізген болатын. Сапары 3 күнге жалғасқан ханзада шетел турының екінші аялдамасы Бахрейнде ресми байланыстарын жалғастыруда.

Сауд ханзаданың шетел сапарының қайсы елдерді қамтығаны жарияланбады.



Ұқсас жаңалықтар