Араб Одағы Израильді айыптады

Араб Одағы халықаралық ұйымдарға палестиналықтарды қорғаудың астына алуды талап етті.

1088856
Араб Одағы Израильді айыптады

Араб Одағы халықаралық ұйымдарға палестиналықтарды қорғаудың астына алуды талап етті.

Араб Одағы Израильдің Палестина қарсы жасаған қылмыстарын айыптап, халықаралық ұйымдарға палестиналықтарды қорғаудың астына алуды талап етті.

Араб Одағы Мәжілісі Мысырдың астанасы Каирде жиналды. Жиналыстан кейін хаттама жариялады. Хаттамада «Араб Одағы Мәжілісі Израильдің Палестина халқына бағытталған жоспарлы қырғынын және адамдық қылмыс деп саналған шабуылды қатал айыптайды» деген сөздерге орын берілді.

Хаттамада Біріккен Ұлттар Ұйымы мен халықаралық ұйымдарға үндеу тасталып, палестиналықтарды қорғаудың астына алуы талап етілді.

Хаттамада Газада істелген қылмыстардың жауапкершілігінің Израиль үкіметіне тән екені білдірілді.

Жиналыс Израильдің Газаға жасаған шабуылдары себепті Палестина әкімшілігінің талабына орай ұйымдастырылды.



Ұқсас жаңалықтар