Сиси мен Аббас кездеседі

Екі басшы Палестина мәселесін талқылайды.

1080102
Сиси мен Аббас кездеседі

Палестина мемлекет басшысы Махмут Аббас пен Мысыр президенті Абдулфеттах әс Сиси Шарм Эль Шейх қаласында болатын Бүкіләлемдік Жастар форумы аясында бас қосады.

Палестинаның Мысырдағы өкілетті елшісі Диаб әл Левх мемлекет басшысы Аббастың Мысырға келетінін білдірді.

Өкілетті елші Аббас пен Сиси арасында Палестина проблемасы талқыланатын кездесу жоспарланғанын атап айтты.

Осы арада аты жарияланбаған Палестина лауазым иесі Мысыр барлау қызметінің Израиль мен Хамас арасындағы бітім келіссөзінде маңызды жетістікке қол жеткізгенін білдірді.

Аббас пен Сиси соңғы рет қыркүйек айында Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясы барысында кездескен болатын.



Ұқсас жаңалықтар