Сулавесидегі зілзала мен цунамиде 1944 адам көз жұмды

Сулавеси аралындағы зілзала мен цунамиде қаза тапқандар саны 1 мың 944-ке ұласты.

1064080
Сулавесидегі зілзала мен цунамиде 1944 адам көз жұмды

Идонезияның Сулавеси аралындағы зілзала мен цунамиде қаза тапқандар саны 1 мың 944-ке ұласты.

Индонезияның Орталық Сулавеси Әскери қолбасшысы басқармасы төрағасы Мух Тохир 28 қыркүйекте болған зілзала мен цунамиде осы таңға дайын 1 мың 944 адамның ажал құшқанын айтты.

Индонезия ұлттық апат және төтенше жағдай агенттігі мәлімдемешісі Сутопо Пурво Нугрохо да 2 мың 600-ден асқан адамның жарақат алып, ауруханада емделіп жатқанын мәлімдеді.

67 мың үй және 3 мыңға тарта мектептің зақым көргенін баяндаған Индонезия ұлттық апат және төтенше жағдай агенттігі мөлшермен 63 мың адамның шатырларда тұрғанын атап өтті.

Цунами мен зілзаланың осы таңға дайын 658 миллион долларлық шығынға ұшыратқаны мәлімденді.

 



Ұқсас жаңалықтар