Иранда сел жүріп, 3 адам ажал құшты

Иранның солтүстігінде тоқтаусыз жауын-шашын салдарынан сел жүрді.

1063617
Иранда сел жүріп, 3 адам ажал құшты

Иранның солтүстігінде тоқтаусыз жауын-шашын салдарынан сел жүрді. Сел апатында 3 адам көз жұмды.

Иранның солтүстігінде орын алған Мазендеран, Гилан және Гүлстан провинцияларына қарасты Курткөй, Ала Абад, Гүрган, Рамсер, Бендер Гез, Талыш және Рудсер сынды 22 ауданда кешеден  бүгінге дейін тоқтаусыз жаңбыр жауды. Жауын-шашын салдарынан сел жүрді. Көптеген елді мекен су астында қалды.

Аймаққа жіберілген іздеу және құтқару топтары селде зардап шеккен 709 адамды құтқарды. Құтқару топтары кейбір ауылға жетуге тырысуда.


Этикеттер: #Иран , #сел , #жаңбыр

Ұқсас жаңалықтар