Ресей S-400 қорғаныс жүйелерін 2019 жылы Түркияға тапсырады

Мәлімдемені орыс мемлекеттік қорғаныс фирмасы Rosoboronexport жасады.

1035956
Ресей S-400 қорғаныс жүйелерін 2019 жылы Түркияға тапсырады

Ресейден сатып алатын S-400 зымыран қорғаныс жүйелері 2019 жылы Түркияға тапсырылмақ.

Мәлімдемені орыс мемлекеттік қорғаныс фирмасы Rosoboronexport жасады. Орыс Интерфакс агенттігінің хабарына қарағанда, Ресей мемлекеттік Қорғаныс фирмасы Rosoboronexport Түркияға S-400 жүйелерін 2019 жылы өткізетіндерін жариялады.

Келісімнің жалпы шығыны 2,5 миллиард долларды құрайды. Жүйенің тапсырылуымен Түркия S-400 қолдана бастайтын тұңғыш НАТО мемлекеті болмақ.

Бұл жүйе пилотты немесе пилотсыз әртүрлі әуе көлігіне қоса, әрі ‘cruise’, әрі баллистикалық зымырандарды жою қабілетіне ие. 400 шақырым қашықтықта нысаналарды жою күшіне ие зымыран 30 шақырым биіктікке дейін көтеріле алады. Сондай-ақ нысаналардың әр қайсысына екі зымыран бағыттап, 80 нысананы жоя алады.

Жүйенің құрамындағы зымыранның салмағы болса 1,8 тонна, ұзындығы 8 метр және диаметрі 50 сантиметр болып табылады.

Зымырандар 145 килограммға дейін соғыс тұмсықтарын да таси алады.



Ұқсас жаңалықтар