Ресей АҚШ-тың соңғы санкцияларына наразылық көрсетті

Ресей Сыртқы істер министрі орынбасары Сергей Рябков жаңа санкциялары себепті АҚШ-ты сынға алды.

1036222
Ресей АҚШ-тың соңғы санкцияларына наразылық көрсетті

Ресей Сыртқы істер министрі орынбасары Сергей Рябков АҚШ-тың жаңа санкциялар үшін ешбір себебі болмағанын атап көрсетті.

АҚШ Қазына министрлігі Солтүстік Кореяға бағытталған санкциялары аясында 2 орыс азаматы, 3 орыс фирмасы және 6 орыс байрақты кемені санкция тізіміне қосты.

«Вашингтонның қате сылтаулармен үздіксіз Ресейге қарсы санкция тақырыбында қозғалуы жаман бір қылыққа айналды» деген Рябков «Қазір АҚШ-тықтар сылтау ретінде Солтүстік Кореяға мұнай өнімдерін тасымалдаумен байланысты санкция шешімінің бұзылғанымызды және кибер бұзушылықтарын таңдады. Әрқашан болғандай дәлелі және себебі жоқ, тек қана өшпенді жалалар бар» деді.

АҚШ-тықтардың «қаншама жаман болсаң, соншама жақсы» ережесімен қозғалғанын атап көрсеткен Рябков Ресейдің мүддесіне зиян келмеуі үшін АҚШ-ың санкцияларына жауап қайтарылғанын және бұл жағдайдың жалғасатынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар