Иран Түркиядан үлгі алуы керек

Иран экономикалық дағдарысты тез арада шешкен Түркиядан үлгі алуы керек.

1034602
Иран Түркиядан үлгі алуы керек

Иран Мәжілісі премьер-министрлік кеңесі мүшесі Еседуллах Аббаси Иран Мәжіліс хабар агенттігі ICANA-ға жасаған мәлімдемесінде мемлекет пен халықтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған жағдайда Ирандағы экономикалық дағдарыстың шешілетінін білдірді.

Түркияда соңғы апталарда валюта бағамындағы толқындарға да тоқталған Абабси Америка Құрама Штаттарының ел экономикасына жасаған санкцияларына қарсы Түркияның халқы мен мемлекетінің ауызбіршілік ішінде болып, Түрік Лирасы құнын қалпына келтіргенін меңзеді.

Аббаси «Иран валюта бағамы дағдарысын тез арада  шешкен Түркияны үлгі алуы керек» деді.


Этикеттер: #Иран , #Түркия

Ұқсас жаңалықтар