Канада мен Сауд Арабиясы арасындағы кикілжің

Джастин Трюдо Сауда Арабиясымен болған кірбеңдік салдарынан кешірім сұрамайтынын айтты.

1028787
Канада мен Сауд Арабиясы арасындағы кикілжің

Джастин Трюдо Сауда Арабиясымен болған кірбеңдік салдарынан кешірім сұрамайтынын айтты.

Өткен аптада Канада Сыртқы істер министрлігі Эр-Риядты азаматтық белсенді және әйелдер құқығы үшін күресушілерді тұтқындағаны үшін сынап, олардың босатылуын талап еткен. Ұсталғандар арасында «Сауд Арабиясының либералдары» сайтын құрушы Раиф Бадавидің әпкесі, құқық қорғаушы Самар Бадави бар. Раиф Бадави исламды сынағаны үшін 10 жылға сотталған.

Бадавидің әйелі Канададан саяси баспана алып, таяуда ғана осы ел азаматтығын иеленген. Оттава Эр-Риядтан белсендіні Сауд Арабиясының азаматтығынан шығарып, Канадаға депортациялауды сұраған. АҚШ, Еуропа Одағы мен құқық қорғау ұйымдары да Сауд Арабиясының билігінен белсендіге рақымшылық жасауды сұраған. Корольдік мұндай үндеулер мен өтініштерді елдің ішкі ісіне килігу деп санайды.

Оқиғаларға байланысты екі ел арасында кикілжің болған.

Канада премьер-министр Джастин Трюдо Сауда Арабиясымен болған кірбеңдік салдарынан кешірім сұрамайтынын және кері қадам баспайтынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар