АҚШ-тағы түріктер дауыс бере бастады

АҚШ-та тіркеулі сайлаушылар президенттік және депутаттық сайлау үшін дауыс бере бастады.

989506
АҚШ-тағы түріктер дауыс бере бастады

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) тіркеулі сайлаушылар Түркияда 24 маусым күні өтетін президенттік және депутаттық сайлау үшін дауыс бере бастады.

Түркияның Нью-Йорк бас консулдығында құрылған сайлау орталығына азанғы 09:00-дан бастап сайлаушылар келе бастады.

АҚШ-та тіркеулі 106 мыңнан астам сайлаушы Нью-Йорк Вашингтон D.C, Бостон, Майами, Хьюстон, Чикаго және Лос-Анджелестегі өкілеттіктерде бүгіннен бастап 17 маусым жексенбі күніне дейін 09:00-21:00 уақыттары арасында дауыс қолданады.

Нью-Йоркте сайлаушылар апта соңында 5, апта ішінде 3 сандықта дауыс бере алады.



Ұқсас жаңалықтар