Оңтүстік Корея АҚШ-С.Корея саммитінің өткізілуі жағында

Оңтүстік Корея АҚШ президентінің соңғы мәлімдемесіне риза болғанын білдірді.

979516
Оңтүстік Корея АҚШ-С.Корея саммитінің өткізілуі жағында

Оңтүстік Корея АҚШ президентінің соңғы мәлімдемесіне риза болғанын білдірді.

АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынмен жоспарланған кездесудің 12 маусымда өтуі мүмкін екендігін мәлімдеді.

Трамп тараптардың Сингапурде болуы тиіс кездесу мәселесін әлі де талқылап жатқандығын айтты. «Әрі қарай не болатынын көреміз. Кездесу 12-сінде өтуі мүмкін. Диалог жалғасып жатыр. Олар (Солтүстік Корея) кездесу өткізуді қатты қалайды. Біз де соны қалаймыз. Бұдан не шығатынын көреміз» - деп атап өтті Трамп Ақ үйде журналистерге.

Оңтүстік Корея АҚШ президенті Дональд Трамптың «Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен жоспарланған саммиттің өтуі мүмкін» деген мәлімдемесіне риза болғанын білдірді.

Оңтүстік Корея президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ким Еуи Кюем жасаған мәлімдемесінде АҚШ пен Солтүстік Корея арасында саммит өткізудің ықтималының әлі де мүмкін екеніне риза болғанын баяндады.

Ким Еуи Кюем «Жаңалықтарды мұқиятты түрде қадағалап отырмыз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар