АҚШ-қа наразылық көрсеткен Африка Одағы Израильді айыптады

Африка Одағы комиссиясы төрағасы Муса Факи Мұхаммед Газада палестиналықтарға шабуылдаған Израиль армиясын айыптады.

971340
АҚШ-қа наразылық көрсеткен Африка Одағы Израильді айыптады

Африка Одағы комиссиясы төрағасы Муса Факи Мұхаммед кеше Газада бейбітшіл шеруге шыққан палестиналықтарға шабуылдаған Израиль армиясын айыптағанын білдірді.

Мұхаммед жасаған жазбаша мәлімдемеде АҚШ-тың Израильдегі өкілетті елшілігін Иерусалимге көшіруінің артынан Палестина жеріндегі қазіргі жағдайдың уайымдарды арттырғанын атап көрсетті.

«Израиль армиясының шеруге шыққан 50-ден астам палестиналықтың өліміне жол ашқан шексіз күш қолданысын айыптаймын» деген Мұхаммед АҚШ-тың өкілетті елшілігін Иерусалимге көшіруінің аймақтағы қызуды одан да арттырып, Израиль-Палестина мәселесіне шешім ізденісіне кедергі жасайтынын білдірді.

Комиссия төрағасы Мұхаммед Африка Одағының тәуелсіз, егемен және бас қаласы Шығыс Иерусалим болған мемлекет ізденісіндегі Палестина халқымен ынтымақтасатынын атап, екі мемлекетті және әділ бір шешім табуы үшін халықаралық қоғамға шақыру тастады.



Ұқсас жаңалықтар