Брюссельде Сирия конференциясы басталды

Конференцияда Сирияның болашағына көмек қаралады.

957594
Брюссельде Сирия конференциясы басталды

БҰҰ және Еуропа Одағы ұйымдастырған «Сирияның және аймақтың болашағына қолдау беру» конференциясы Брюссельде басталды.

Биыл екіншісі ұйымдастырылған конференцияға 85 елден және БҰҰ-ның түрлі органдарынан өкілдер қатысуда.

Конференцияда гуманитарлық көмектер мен БҰҰ жүргізген Женева келіссөзі талқыланады.

Аталмыш конференцияға Түркия атынан вице-премьер Реджеп Акдағ қатысуда.

Акдағ конференцияның екінші күнінде «Түркияның Сирияға гуманитарлық көмектері» атты баяндама оқиды.



Ұқсас жаңалықтар