Римде «Палестиналық тұтқындар үшін еркіндік» шеруі

Италияда «Палестиналық тұтқындар күніне» орай «Палестиналық тұтқындар үшін еркіндік» шеруі ұйымдастырылды.

953914
Римде «Палестиналық тұтқындар үшін еркіндік» шеруі

Шеруге Палестинаның Италиядағы өкілетті елшісі Май Акайла, Палестиналық тұтқындармен достық қоғамының Италия төрағасы Бассам Салих, Рим мен Лацио қалаларында өмір сүрген палестиналықтар мен Палестинаға қолдау берген италияндықтар қатысты.

Қатысушылар Израиль түрмелеріндегі палестиналық тұтқындардың жағдайы мен шеккен жәбір-жапаларды түсіндірген декларация таратты.

Израильдің 1967 жылы Палестина жеріне басып кірген уақытынан бастап 800 мыңнан астам палестиналықтың Израиль күштері тарапынан тұтқындалғанын атап көрсетті.

Қатысушылар таратқан декларацияда «Әр палестиналық жанұяның бір мүшесі тұтқын. Жауыз әскери басқыншылық және топырақтарының отарлануына қарсы шыққан мыңдаған адамның балалық шағы қолынан алынды» делінді.

Сондай-ақ Аддамеер (Тұтқындарға қолдау және Адам құқықтары қоғамы) мағлұматтарында 2018 жылы наурыз айынан бастап, 6 мың 50 палестиналықтың Израиль түрмелерінде саяси тұтқын екені, 427 тұтқын жайлы қылмыстық іс немесе сот процесі қозғалмағаны, тек қана әкімшілік тергеумен қамауға алынғаны, 356 тұтқынның болса әлі бала екені атап көрсетілген.



Ұқсас жаңалықтар