Ресейдің Хабаровск қаласында тікұшақ даңғылға құлады
TASS хабар агенттігі құлаған Mi-8 тікұшағындағы 6 адамның қаза тапқанын білдірді.
948600
![Ресейдің Хабаровск қаласында тікұшақ даңғылға құлады](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/5376/1176/0fcb/5acd93f1191de.jpg?time=1718432054)
Ресейдің шығысындағы Хабаровск қаласында ұшу жаттығуы жасаған тікұшақтың құлауы салдарынан 6 адам қаза тапты.
TASS хабар агенттігі Mi-8 тікұшақтың ұшу жаттығуы аясында қонған кезде әуежайдың маңындағы даңғылға құлағанын жариялады.
Өртенген тікұшақтағы 6 адам қаза тапты. Апат болған даңғылда мүлік пен адам шығыны жоқ екені мәлімденді.
Тікұшақтың жекеменшік бір фирмаға тиесілі екені атап көрсетілді.