Йеменнен Сауд Арабиясына зымыран атылды

Хоусит Сауд Арабиясының Джазан қаласындағы «Арамко» фирмасының ғимараттарын «Бедир-1» зымыранымен нысанаға алғандарын жариялады.

945142
Йеменнен Сауд Арабиясына зымыран атылды

Йеменнен Сауд Арабиясының Джазан қаласына атылған баллистикалық зымыран әуе қорғаныс жүйелері тарапынан жойылды.

Сауд Арабиясының ресми хабар арнасы Әл-Әкбарийеге қарағанда Йемендегі хоуситтер Сауд Арабиясының шекара қаласы Джазанға атылған баллистикалық зымыран әуе қорғаныс жүйесі тарапынан залалсыздандырылды.

Хоуситтер «Әл-Мәсире» телеарнасынан Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Джазан қаласындағы «Арамко» фирмасының ғимараттарын «Бедир-1» зымыранымен нысанаға алғандарын жариялады.

Йеменде заңды әкімшілікке төңкеріс жасаған хоуситтер 2014 жылы қыркүйек айынан бері бас қала Санадан бастап, кейбір аймақтарды бақылауда ұстауда.

Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері болса 2015 жылы наурыз айынан бері хоуситтерге қарсы заңды әкімшілікке қарасты күштерге қолдау беруде.



Ұқсас жаңалықтар