Сирия түрікмендері Макронды айыптады

Сирия Түрікмен мәжілісі төрағасы Жұма хабарлама жариялады.

941122
Сирия түрікмендері Макронды айыптады

Сирия Түрікмен мәжілісі төрағасы Мұхаммед Веджих Жұма Франция президенті Эммануэль Макронның террористтерді қонақ қылуын және террорлық ұйымға көмек мақсатымен Манбиджге әскер жіберетіні жөніндегі сөздерін айыптады.

Жұма жазбаша хабарлама жариялап,  Макронның террористтерлі заңды қылып көрсетуге тырысып,  Францияда қонақ қылып, Манбиджге әскер жіберу туралы сөздерін қатаң айыптайтындарын білдірді.

Түрікмен басшы Францияның осы шешімінің Сирия халқына опасыздыұ және Сириядағы отқа бензин төгумен пара-пар екенін айтты.

«Францияның осы қадамы жаман ниетті және еш қабылданбайды.  Францияның осы ісінен бұрын АҚШ-тың бастамасы мен батыс елдерінің қолдауымен террорлық ұйымның басқыншылығы астындағы жерлерде Сирияның Болашағы атты партияның құрылуы да кездейсоқ емес. Сирия халқының және Сирияның болашағын террорлық ұйымдардың түрлі есімдерімен заңды қылынуына тәуелді қылуға болмайды» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар