АҚШ-тың бюджет пакеті бекітілді
Трамп АҚШ Конгресінен өткен 1,3 триллион долларлық бюджет пакетін бекітті.
Трамп АҚШ Конгресінен өткен 1,3 триллион долларлық бюджет пакетін бекітті.
Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамп АҚШ Конгресінен өткен 1,3 триллион долларлық бюджет пакетін бекітті.
Трамп Конгресте түнгі уақыттарда өткен 1,3 триллион долларлық бюджет жобасы Ақ Үйде ұйымдастырылған қол қою рәсімімен бекітілді.
Бюджетте ұнатпаған бірқатар нәрсенің болғанын білдірген Трамп 2200 беттен астам жобаның түнгі уақыттарда Конгрестен өткенін және ешкім жобаны оқымауын «қызықты бір жағдай» деген сөздермен сынға тартты.
Трамп осыған қарамастан бюджет қорғаныс қаражаты өткен жылмен салыстырғанда 60 миллиард доллардан көп қаражат бөлінгенін түсіндіріп, «Сондықтан ұлттық қауіпсіздік себепті бюджет жобасына қол қойдым» деді.
Трамп мигрант және шекара қауіпсіздігі туралы күдіктерінің болғанына қарамастан қол қойылған бюджеттің алғашқы және соңғысы болғанын баяндап «Конгреске айтып отырмын, мұндай бір жобаға бұдан кейін әсте қол қоймаймын» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Трамп инаугурацияға жиналған мыңдаған жақтасымен кездесті
Трамп Джон Кеннедидің өліміне қатысты құпия құжаттарды жариялайтынын мәлімдеді.
Трамптың екінші президенттік мерзімі басталады
Ұлықтау рәсімі ауа райының салқындығына байланысты конгресс ғимаратының ішіне көшірілді.