Үш елдің сыртқы істер министрлері Астанада жиналады

Түркия, Ресей және Иран сыртқы істер министрлері 16 наурыз күні Астанада жиналады.

923777
Үш елдің сыртқы істер министрлері Астанада жиналады

Түркия, Ресей және Иран сыртқы істер министрлері 16 наурыз күні Қазақстанның елордасы Астанада жиналады.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Сирия тақырыпты Астана процесінің кепілгер елдері Түркия, Ресей және Иранның сыртқы істер министрлері жиналысында қатысушылардың бір жылдық ынтымақтастығының нәтижелерін қолқа алатындары және ортақ қадамдарды белгілейтіндері білдірілді.

Мәлімдемеде сыртқы істер министрлері жиналысынан бір күн бұрын техникалық деңгейде бір жиналыс өткізілетіні, Сириядағы тұтқындардың қоя берілуі, мәйіттердің тапсырып берілуі және жоғалып кеткендердің ізделуі тақырыптардың қолға алынатыны атап өтілді.

Мәлімдемеде «Сыртқы істер министрлері жиналысына бақылаушы елдер және сириялық тараптар қатыспайды» деген сөздерге орын берілді.

Мәлімдемеде сонымен қатар жиналысқа БҰҰ Сирия арнайы өкілі Стаффан де Мистураның шақырылғаны білдірілді.


Этикеттер: #Иран , #Ресей , #Сирия

Ұқсас жаңалықтар