Шығыс Гутаға алаңдаймыз

Сирияда Асад жасақтарының шабуылында 167 адам қаза тапты.

914780
Шығыс Гутаға алаңдаймыз

Сирияда Асад жасақтарының шабуылында 167 адам қаза тапты.

Асад жасақтары Шығыс Гутаға шабуылдарын жалғастыруда.

Аймақтағы жағдай халықаралық наразылыққа жол ашуда.

БҰҰ Сирияның Шығыс Гута аймағындағы қақтығыстардың азаматтарға қатты әсер еткенін білдірді.

БҰҰ Бас хатшысы әуе шабуылдарына ұшыраған 400 мың адамның жағдайына алаңдайтынын жеткізді.

Аймақта дүйсенбі күнінен бері 100-ден астам адам бомбалауда қаза тапты. 5 аурухана мен медициналық орталық әуе шабуылдарының нысанасы болды. 700 адамды жедел эвакуациялау қажет.

БҰҰ тараптарды гуманитарлық көмек пен эвакуация үшін атысты тоқтатуға шақырды.

Америка Құрама Штаттары да Сирия әкімшілігінің шабуылдарына деген уайымын білдірді.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатщысы Хеатер Науерт «Шығыс Гутадағы оқиғаларға байланысты қиналамыз.  Соңғы хабарлар әуе шабуылдарының ауруханалар және бейбіт халық тұратын аймақтарды тікелей нысанаға алғанын көрсетеді. Соңғы 48 сағат ішінде жүзден астам адам қаза тапты» деді.



Ұқсас жаңалықтар