Шығыс Гутаны бомбалады

Сирияда Асад жасақтары Шығыс Гутаны бомбалады.

906839
Шығыс Гутаны бомбалады

Сирияда Асад жасақтары Шығыс Гутаны бомбалады.  Шабуылда 75 адам қаза тапты.

Іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастырған азаматтық қорғаныс топтары қаза тапқан азамат санының артуы мүмкін екенін білдірді.

2017 жылдың 29 желтоқсан күнінен бергі 42 күнде Шығыс Гутада бомбалау барысында қаза тапқан адам саны 524 болды.  Жаралы саны екі мыңға жақындады.

Оппозицияның қолындағы Шығыс Гутада шамамен 400 мың адам тұрады.

Аймақта гуманитарлық дағдарыс ушықты, мыңдаған науқас эвакуациялануды күтуде. Науқастардың көбі балалар немесе ісік ауруына шалдыққандар.



Ұқсас жаңалықтар