Джеймс Мэттис Түркияның Сирия операциясын бағалады

АҚШ Қорғаныс министрі Зәйтүн бұтағы операциясы және Түркия жоспарлаған Мүнбич операциясына қатысты сұрақтарына жауап қайтарды.

902724
Джеймс Мэттис Түркияның Сирия операциясын бағалады

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Түркиямен Мүнбич тақырыбын сөйлескендерін, егжей-тегжейлі қоғаммен мағлұмат бөлісу үшін әлі ерте екенін атап айтты.

АҚШ Қорғаныс министрлігі баспасөз офисінде журналисттермен бас қосқан Джеймс Мэттис Түркияның PYD/PKK террор ұйымына қарсы жүргізген Зәйтүн бұтағы операциясы және Түркия жоспарлаған Мүнбич операциясына қатысты сұрақтарына жауап қайтарды.

Мэттис Сириядағы жаңалықтарды Ұлттық Қорғаныс министрі Нуреттин Джаниклимен бағалағандарын атап көрсетті.

Түрік қарулы күштерінің Мүнбичке кіріп кірмейтіні жөніндегі бір сұраққа Мэттис «Осы тақырыпта қазір сөйлеспеймін. Мұны қоғамға жариялау үшін әлі ерте. Бұл тақырыпта сөз қозғауымыз ішкі қоғамды мазасыздандыруы мүмкін. Тек айтарым бұл одақтасымыз Түркиямен белсенді талқылау тақырыбымыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар