Террор ұйымы балаларды соғыстыруда

PYD/PKK террор ұйымының Сирияның солтүстігінде бала әскер қолданғаны ортаға шықты.

893647
Террор ұйымы балаларды соғыстыруда

PYD/PKK террор ұйымы Түрік қарулы күштеріне қарсы насихат жүргізіп жатқанда, бала жауынгер қолданғаны ортаға шықты.

PKK-ның трансляция органы деп танытқан интернет парақшасынан Африндегі террористтермен байланысты бейне көрініс жариялады.

Бейне көріністе террор ұйымы мүшесі ретінде көрсетілген екі қыз баламен оларға жетекшілік жасаған әйел террорист көрсетілді. Бейне көріністе балалардың бірі сөйлеп жатқанда қорыққаны байқалады. Қыз бала Афринді қорғаудың қиын екенін айтуда.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жоғары комиссарлығы, Халықаралық Амнистия ұйымы және Адам құқықтары бақылаушылары сияқты мекемелер PYD/PKK-ның балаларды соғыста қолданғанын және халықаралық заңдарды бұзғанын тіркеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар