Үндістандағы өртте 5 адам қаза тапты

Үндістанда бір мейрамханада шыққан өртте 5 қызметкер опат болды.

883810
Үндістандағы өртте 5 адам қаза тапты

Үндістанда бір мейрамханада шыққан өртте 5 қызметкер опат болды.

Үндістан полиция басқармасынан жасалған мәлімдемеде мемлекеттің оңтүстігіндегі Бангалоре қаласындағы бір мейрамханада таңғы уақытта белгісіз себептен өрт шыққаны білдірілді.

Мәлімдемеде аймаққа келген жедел құтқару топтарының өртті сөндіргеннен кейін астынғы қабатта ұйықтап жатқан 5 қызметкердің мәйітінің табылғаны баяндалды.

Осы оқиғамен байланысты тергеу жасаған полиция өрттің шығу себебін іздестіруде.

Үндістанның Мумбай қаласында өткен ай шыққан басқа бір мейрамхана өртінде 15 адам қаза тапқан еді. 


Этикеттер: #Үндістан , #өрт , #Мумбай

Ұқсас жаңалықтар