Шекаралардың бақылауы Ирак орталық әкімшілігіне өтеді

Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі Түркия және Иран шекара қақпалары мен әуежайлардың бақылауын Бағдат әкімшілігіне өткізеді.

880152
Шекаралардың бақылауы Ирак орталық әкімшілігіне өтеді

Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Ибадидің кеңесшісі Ихсан эш-Шаммари Түркия мен Иран арасындағы шекара қақпалары мен әуежайлардың бақылауға алынуы үшін Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі де үлес қосатын Жоғары шекара комитеті құруға шешім қабылдағандарын білдірді.

2017 жылы 25 қыркүйек күні заңсыз өткен тәуелсіздік үшін бүкілхалықтық референдумның артта қалып кеткенін атап көрсеткен Шаммари Эрбильдегі орталық әкімшілікке қарасты мемлекеттік қызметкерлердің де жиналыс үшін Бағдатқа шақырылғанын атап көрсетті.

Бұл жаңалықтың артынан Иран, Ирак шекарасындағы Первиз Хан және Тамарчин шекара қақпаларын қайта ашты.

Иран Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі аймағында заңсыз өткен бүкіл халықтық референдумның артынан шекараларын жабуға шешім қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар