АҚШ әкімшілігі Ирандағы шерулермен байланысты мәлімдеме жасады

Ақ Үй әкімшілігі баспасөз орталығы Ирандағы наразылық шерулерімен байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

879365
АҚШ әкімшілігі Ирандағы шерулермен байланысты мәлімдеме жасады

Америка Құрама штаттары әкімшілігі Иранда жалғасып жатқан наразылық шерулерімен байланысты «Иран халқының бейбіт түрде сөз еркіндігі құқығын қолдаймыз» деп мәлімдеме жасады.

Ақ Үй әкімшілігі баспасөз орталығынан Ирандағы наразылық шерулерімен байланысты жазбаша мәлімдеме келді.

Мәлімдемеде «Иран халқының бейбіт түрде сөз еркіндігі құқығын қолдаймыз. Барлық тараптарды бейбіт жолмен сөз еркіндігі құқығын қорғауға және цензураға үлес қосатын кезкелген қимыл-әрекеттен бастартуға шақырамыз» делінді.

АҚШ президенті Дональд Трамп болса алдынғы күні ресми твиттер парақшасынан Иранмен байланысты мәлімдеме жасаған болатын. Трамп мәлімдемесінде «Режимнің сыбайлас жемқорлықпен күрестің орнына елдің бар байлығын шетелдегі террорға қолдау үшін жұмсауы халықты шаршатты. Иран азаматтарының бейбіт протесттерімен байланысты ақпарат келуде. Иран әкімшілігі сөз еркіндігі құқығына қоса, өз халқының құқығын құрметтеу керек. Әлем бұл процесті қадағалайды» делінген еді.



Ұқсас жаңалықтар